Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Үйлеріңізге келмеймін»: Гүлзира Айдарбекованың құдағиы шу шығарды

Екі құдағидың бұл әрекетіне біреулер тамсанып жатса, енді біреулер сынап жатыр, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 

«Үйлеріңізге келмеймін»: Гүлзира Айдарбекованың құдағиы шу шығарды
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың әке-шешесінің жаңажылдық мереке қарсаңында құдаларын қарсы алған видеосы тарады.

Видеода әншінің анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова келінінің анасына сыйлық тарту етеді. Алайда құдағиы үзілді-кесілді бас тартады. Тіпті "Неге сыйлық бере бересіздер? Енді үйлеріңізге келмеймін. Солтүстікте мұндай жоқ" деп қалжыңдайды. Бұған қатысты желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды.

"Бұл да — көрегендіктің белгісі. Гүлзира келген сайын қымбат сыйлық беретін болып тұр ғой", "Қайта-қайта ала беруге ыңғайсызданып тұр", "Ұялып жатқан түрі ғой", "Құдағи деп сыйлағанға неге сонша бұлданады?", "Солтүстікте мұндай жоқ деуі қай сасқаны?" — дейді пікір жазушылар.