Күйеуінен айырылған танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жиі түс көріп, мазасы қашқанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Жылап оянамын»: Ләйлә Сұлтанқызы өзін не мазалап жүргенін айтты
«Соңғы кездері жиі түс көріп жүрмін. Бір күні терлеп, бір күні қуанып, бірде жылап оянамын. Бүгін де шым-шытырық түс көрдім», – деп жазды Ләйлә.
Ол түсінде не болғанын айтып, оқырмандарымен бөлісті.
«Жаңбыр құйып тұр. Қайрекем әдемі киініп алып, күлімдеген жүзімен маған қарап тұр екен. Ырымшыл халықпыз ғой. Түсімді жақсылыққа жорыдым», – дейді тележүргізуші.