Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Көңілін табу үшін бәрін жасадым": Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні желіде жазба қалдырды

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың кенже келіні әлеуметтік желідегі ізбасарларына бұрын өз сезімдерін елемей, басқалардың көңілдерінен шығу үшін бәрін жасағаның айтты деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

"Көңілін табу үшін бәрін жасадым": Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні желіде жазба қалдырды
фото: ашық дереккөзден

Естеріңізге сала кетейік, осы көктемде Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтар жаңа келінді ұзатып алды. Бірнеше күннен кейін жастар үйлену тойын өткізді.

Алайда, жақында  жанкүйерлер әлеуметтік желідегі парақшаларда Заңғар Нұртас пен жібектің бірлескен фотосуреттері жоғалып кеткенін байқады. Бұл жаңа ерлі-зайыптылардың келіспеушілікке күдіктенуі үшін жеткілікті болды.

Жібек Instagram-да өзінің жанкүйерлерімен үнемі әңгімелесіп, олармен өз пікірімен бөлісіп, өмірін жақсы жаққа өзгерту туралы кеңестер беретін.

Жақын арада жанкүйерлердің бірі Заңғар Нұртастың әйелі өзіне сенімді бола бастағанын байқады.

"Сіз бұрын бейнеде әрқашан бетіңізді жауып жүрдіңіз, мен сізді көптен бері бақылап жүрмін, қазыр өзіңізге сенімді көрінесіз" деп- жазды оқырман. "Иә, мен фото мен видеоларда әрдайым бетімді жауып жүретінімді өзімде байқадым. Бұл да бейсаналық. Сондай-ақ, бұл менің сөйлеуге және өз пікірімді ашық айтуға қорқатынымнан болар"- деп жауап берді Жібек . Маған басқалардың көнілінен шығу маңызды болды солайша өз сезімдерімді елемедім", - деп мойындады Жібек.

"Мен бақытты болғым келеді, тұрмысқа шыққым келеді, сіздің сабағыныз көмектеседі ме?"- деп сұрады тағы бір қыз. "Неліктен сіз тек некеде болған адам ғана бақытты болу керек деп ойлайсыз?"- деді Жібек.