Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Орануға ниет қылып жүрмін»: Айжан Байзақова хиджаб киетінін айтты

Көпшілік кезінде жалаңаштанып клубтарда билеген атышулы блогердің бұл қадамына қуанып, оны барынша қолдап жатыр.

Танымал блогердің өзінің осындай ниеті туралы айтқаны желі қолданушылары арасында қолдау тапты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс К-ке сілтеме жасап.

«Орануға ниет қылып жүрмін»: Айжан Байзақова хиджаб киетінін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Айжан Байзақованың "орануға ниет қылып жүрмін" деп айтқан видеосы тарады. Желі қолданушылары кезінде жалаңаштанып клубтарда билеген атышулы блогердің бұл қадамына қуанып, оны барынша қолдап жатыр.

"Айжан сырттай да, іштей де өзгеріп жатыр. Күйеуіне рахмет", "Құдай барлық күнәңді кешіреді", "Күйеуі қыздың кезіндегі жаман жағын қабылдады, енді мынандай жақсы жаңалық", "МашАллаһ, иман нұрын берсін", "Оған оранған жарасар еді", "Жарайсың", — деген мағынада жазылған барлық дерлік пікір.