Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

«Ажырасам»: Жұлдыз Әбдукәрімова тағы да елді елең еткізді

Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімова өміріндегі тағы бір маңызды жаңалығын жеткізді. Ол қанша жыл армандаған мақсатына қол жеткізгенін айтып, өзін қолдауға шақырды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс К cайтына сілтеме жасап.

«Ажырасам»: Жұлдыз Әбдукәрімова тағы да елді елең еткізді
Фото: ашық дереккөз

Үнемі ел аузында жүретін Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова "Ажырасам" атты көркем фильм түсіргенін айтып, елден сүйінші сұрады. Өзінің Instagram-дағы парақшасында ол алғашқы продюсерлік еткен және басты рөлге түскен жобасының жақын аралықта экранға шығатынын хабарлаған.

"Бұл фильмді түсіру туралы алғаш рет 2021 жылдың тамыз айында Жанболат екеуміз талқылаған едік. Сөйтіп, қараша айында сценариспен кездесіп, идеясын іздедік. Басты талабым — арзан күлкі емес, астарлы мәні, алатын ойы болатындай фильм болуы. Маған сіздердің қолдауларыңыз енді екі есе көп керек!", — деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Жұлдыз бесінші баласына аяғы ауыр деген әңгіме желдей ескен болатын. Алайда актриса бұл қауесетті осы фильмімен байланыстырған екен.

"Бұған дейін айтып, жазып жүрген менің бесінші балам — ол менің алғашқы продюсерлік еткен және басты рөлге түскен толықметрлі фильмім туралы болатын. Бұл жоба мен үшін баладан кем болмады. Қанша жыл армандадым, сосын мақсат еттім, ойға салдым, ол аузымнан сөз боп айтылды, сол сөзге жан бітіп іс боп өмірге келді", — деді актриса.