Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Жуырда тұрмысқа шыққан Гүлбаһрам Байбосынова өзіне қатысты қаңқу сөздерге жауап берді

Актриса Гүлбаһрам Байбосынова осыдан біраз уақыт бұрын өзінен жасы кіші жігітке ұзатылған болатын. Өнер иесі ел арасындағы қаңқу сөзге жауап беріп, жұбайы екеуін ортақ бақыты ғана қызықтыратынын айтты, деп жазады Paryz.kz ақпараттық агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Жуырда тұрмысқа шыққан Гүлбаһрам Байбосынова өзіне қатысты қаңқу сөздерге жауап берді
Фото: instagram.com/gulbakhram_akhat

Гүлбаһрам Байбосынова бұл жайлы Instagram парақшасында жазды.

"Бұл өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі - адал жар таңдау, онымен мәңгі бақытты ғұмыр кешу. Алланың қалауымен туып-өскен үйімнен ұзатылдым. Бағым бар екен, салиқалы отбасының түтінін түтетіп, сүйгенім Қазыбек Төленге өмірлік жар атандым.

Өмір болған соң, неше түрлі қаңқу сөз де, өтіріктен құралған өсек те болатыны сөзсіз. Алайда біз үшін ортақ бақытымыздан басқа ештеңе де қызық емес. Ең бастысы, ешкімнің ала жібін аттамай, түзу жүрсек, бізге одан маңызды ештеңе де жоқ.

Менің айтайын дегенім мүлде ол емес еді. Осыдан тура 5 жыл бұрын жақын құрбым Салтанат Бақаеваның "Әгугәй Құрбым" бейнебаянына "Қалыңдық" кейіпінде түскен едім. Енді міне, өз ұзатуымда дәл сол әуенді шырқап, шығарып салды. Ешкімді жамандамай, ешкімді қараламай, жай ғана бақытты өмір сүрейікші", - деп жазды актриса.

Естеріңізге сала кетейік, әнші Салтанат Бақаева құрбысы актриса Гүлбаһрам Байбосынованы ұзатқан болатын.