Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Ұстап болған шығарсың»: Сәкен Майғазиев Мәдина Сәдуақасованы өзіне жақындатпай, қашықтан араласқысы келетінін айтты

Әнші Сәкен Майғазиев Мәдина Сәдуақасовамен қашықтан араласқысы келетінін айтты. 

«Ұстап болған шығарсың»: Сәкен Майғазиев Мәдина Сәдуақасованы өзіне жақындатпай, қашықтан араласқысы келетінін айтты
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы екі әнші де арнайы видео түсірген, деп жазды paryz.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап. 

Қос әнші ел арасындағы қауесетке байланысты видео түсірді. 

Олар бір-біріне жақындамай, қол алыспай, алыстан хал сұрасатындықтарын көрсеткілері келген. 

- Мадикош, сәлем, - деп алыстан қол бұлғайды Сәкен Майғазиев. 

- Сәкен, мен сенен қорқамын. Сәкен екеуміз осылай алыстан сыйласайық деп шештік. Қалай былай?, - деді Мәдина Сәдуақасова.

- Қыз балалармен қашықтан араласайықшы. Мен де саған жақындауға қорқамын, - деді Сәкен Майғазиев.

"Мадинаны ұстап болған шығарсың", "Қол ұстауға қорқып қалдық дейсіз ғой", "Дұрыс болыпты Мәдинаға. Өз күйеуін құшақтап тыныш жүрсін", "Тым артық кеткен сияқтысыңдар", "Неге жақындамайсыз? Яғни бірдеңелеріңіз бар", деп жазған оқырмандар.