Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Өкіріп жыладым": Нұрлан Қоянбаев етке ақша таппаған күндерін еске алды

Қазақстандық фильмдердің продюсері Нұрлан Қоянбаев етке ақша таппаған күндерін еске алды. Актер кенже қызы жинап жүрген ақшасын қолына ұстатқанда көз жасына ерік бергенін айтты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Өкіріп жыладым": Нұрлан Қоянбаев етке ақша таппаған күндерін еске алды
Фото: t.me/ptrkkz

Актердің форумда сөйлеген сөзі әлеуметтік желіде таралып кеткен. "Қарасам, қырыққа келгем. Жалақым әлі 270 мың теңге. Мен "Айлығымды көтересіздер ме? Рейтинг жасап жатырмын, өтінем. Мені адамдар танып, суретке түсіп жатыр" деймін. "Жоқ, талап сондай. Өзгермейді" деп көтермейді. Бір күні қарызға кірдім. Ақша жоқ.

Бірақ түр бермеймін. Қалтамда көк тиын жоқ. Әйелім "Етті аламыз ба, алмаймыз ба?" деп сұрап жатыр. Үйде ет алу мәселесі сұрақ болып тұр. Жаман шаршап, жылағым келіп кетті. Әйелім екеуміз отырмыз. Әйелім менен 8 жас кіші. Кейде "Отбасыма ақша тауып бере алмаймын ба?" деп қысыламын ғой.

Сөйтіп отырсақ, кішкентай қызым Нұрай келді. Жинап жүрген ақшасын алып келіп, "Папа, менде етке ақша бар" дегенде өкіріп жыладым", - дейді Нұрлан Қоянбаев.

Актер осыдан кейін телевидениеден кетіп, кино әлеміне барған.

Содан кейін "Жетер" дедім де, телевидениеден кетіп қалдым. Киноға бардым да, 12 млн доллар ақша таптым - деді Нұрлан Қоянбаев.