Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Келінжанның" актері телехикаяға алғашқы түскендегі сезімімен бөлісті

 Бірнеше бөлімнен тұратын "Келінжан" телехикаясына түскен актер Назар Шархан алғашында осы сериалға түскенін көпшілікке айтуға ұялғанын "Қызық Live" бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Келінжанның" актері телехикаяға алғашқы түскендегі сезімімен бөлісті
фото : скриншот

"Келінжанға түскенім үшін достарымнан ұялатынмын. Тіпті желіде мүлде сурет салмайтынмын. Енді мен мақтанып, "Келінжанды" салатын боламын.

Шынымды айтсам, бұл менің психикамдағы кемшілік шығар. Мен ауылдан Алматыға көшіп келгенде, ауылдың қара баласы болатынмын. Қыздар "Ой, апай, мен оның жанына отырмаймын" дейтін. Мені сыныптасым жанына отырғызбай қояған. Орысшаланған қазақ мектебі еді. Сөйтіп досымның жанына үшінші болып отырамын ғой. Орысша сөйлей алмайтыным мен үшін ұят болатын.

Ауылдың әдеті әбден сіңіп қалған ғой, балағаттап қоятынмын. Содан үлкен сыныптың балаларынан таяқ жейтінмін. Менде "Алматыда ауылдың баласы болып жүру ұят" деген ой қалып қойған. Ал "Келінжан" ауыл өмірін, адамдарын суреттейтін телехикая ғой. Мен өзіммен жұмыс істей келе, одан ұялмау керектігін түсіндім. Нағыз батырлар ауылдан шықты ғой", - деді Назар Шархан.