Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

«Некесін қиды»: Атышулы Кәмшат Жолдыбаеваның хиджаб кигені жұртты елең еткізді

Әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваның әлеуметтік желіге салған видеосы халыққа қатты ұнады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

«Некесін қиды»: Атышулы Кәмшат Жолдыбаеваның хиджаб кигені жұртты елең еткізді
фото: әлеуметтік желіден

Ол өзінің Instagram-дағы парақшасына видео жариялап, жаңа образын көрсетті.

Әншінің «былай қарасаң, келесі бір сәрсенбі ғой, дегенмен ерекше күн» деген жазбасына әртүрлі пікір айтылып жатыр.

«Жүріп-жүріп алады да, оранып шыға келеді. Осыларды мүлдем түсінбеймін»;

«Мәссаған, жабық киініп алыпты ғой»;

«Осылай жүрген жарасады»;

«Сән үшін киіп жүр»;

«Махаббат өзгертеді»;

«Некесін қидырды не Меккеге баруға дайындалып жүр», — депті жұрт.