Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Жанар Айжанова қазақтың "жақсы әйел жаман еркекті адам қылады" деген мақалын сынға алды (видео)

Қазақтың салт-дәстүрі мен даналық сөздерінен жиналған кітап жазуды бастаған актриса Жанар Айжанова кейбір нақылдарымен мүлде келіспейтінін "Түнгі студия" бағдарламасында ашып айтты.

Жанар Айжанова қазақтың "жақсы әйел жаман еркекті адам қылады" деген мақалын сынға алды (видео)
фото: әлеуметтік желіден

Әнші бәріне әйелді кінәлі етпей, ұл баланы нағыз ер-азамат етіп тәрбиелеуге тырысу керектігін жеткізді, деп жазады paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Актрисаның айтуынша, ер адам әйеліне өмірлік серігі ретінде қарап, жауапкершілікті сезіне білуі керек. Осы орайда Жанар Айжанова "Жақсы әйел жаман еркекті адам қылады" деген қазақтың мақалына қарсы пікірін білдірді.

"Қазақтың мақалдары көп қой. Мысалы "Жақсы әйел жаман еркекті адам қылады" дейді. Мен осыған қарсы дау айтайын. Неге жігіт қызға жаман болып келуі керек? Неге жігіттің әке-шешесі оны жақсы қылып тәрбиелеп, дайындап бермейді? Ұлды да, қызды да дайын қылып берсе, ешкімнің мұрнын балта шаппайды ғой. Әйел ол жігітті "адам қыламын, жұмысқа тұрғызамын" деп жетелеп жүргенде, уақыт өтеді. Әйел қартаяды, керегі жоқ. "Әйел алдым" деген сөз - ашсам алақанымда, жұмсам жұдырығымда деген емес. Әйел алу "Осы шаңырақтың асыраушысы менмін. Бүкіл мәселені мен шешемін. Соғым керек, ақша керек, осы әйелді күтіп ұстай аламын" деген сөз. Әйел кемі бір баланы өмірге әкеледі. Ер адам әйелге ұрпағымды жалғаушы, өмірлік серігім деп қараса, бәрі басқаша болады. Әйелдің артына тығылып, заманды, әйелді жамандаудың керегі жоқ. Жауапкершілікті сезінуі керек", - деді Жанар Айжанова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін актриса қоғамдағы ерсі әрекеттерді сынға алған болатын.