Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Киркоров Астанадағы концертте қазақша сөйледі

Астанада жеке концертін өткізген Ресей әртісі Филип Киркоров қазақша сөйлеп, көрерменнің ықыласына бөленіп жатыр. Алайда оның бұл әрекетін сынап жатқандар да бар, деп хабарлайды paryz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Киркоров Астанадағы концертте қазақша сөйледі
Фото: stan.kz

«Астана салем! Кеш жарык кадырлы корермен! Сиздермен кездескеныме мен оте куаныштымын», – деді Киркоров.

Әртістің бұл әрекетіне қоғам тарапынан әртүрлі баға беретіндер бар. Мәселен, блогер Дәулет Мұқаев «Ресейдің халық артисі Астанаға келіп, қазақша сайрап кетті» деп жазады.

«Өзіміз ғана сөйлемей жүрміз ғой сол… 10 қазақ болып, арамызға бір орыс қосылса орысша сөйлеп кетеміз! Өз елімізде қазақ тілінің мәртебесі бірінші болу керек. Қазақ тілге деген сұранысты арттыру, талап ету өзімізден», – дейді ол.

Ал Рашитов деген азамат «соғысқа қарсы шықпай Ресейде тайраңдап жүрген әртістер Қазақстанға келмесе де болады, оның қазақша сөйлегені 5 тиынға керек емес» дейді.

Тағы бір қолданушы Киркоровтың «екі күн бұрын Қырғызстанда кырғызша сөйлеп, керек кезде әртістің тілді тез үйренетінін» жазады.

Елла Қожабаева атты азамат «Осы бір әртіс Қазақстанды сағынып келді дейсің бе, елінде концерт қоя алмайды, біздің ақшамыз керек боп кеп тұр да клоун» дейді Киркоров жайлы.

Жалпы қазақ тілі мәселесі кейінгі кезде қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Өткен айда жиындардың бірінде қазақстандық кәсіпкер Рәміл Мухоряпов орысша сұраққа қазақша жауап бергендер азаматтардың бойында «ұлтшылдықтың сәл көрінісі барын, бұл жағдай үлкен мәдениеттің белгісі емес екенін» айтқан.

«Егер мұндай болса (орысша сұрағандарға қазақша жауап беріп жататын болса) қатты қапаланар едім. Меніңше, бұл сәл біртүрлі. Ұлтшылдықтың сәл көрінісі. Бұл үлкен мәдениеттің белгісі емес. Біздің меймандығымыз бәрін көтеріп кетуі керек», – деді ол.

Оның бұл сөзін қоғам өткір сынады. Тіпті, бір топ депутат бас прокуратураға жүгініп, Мухоряповты жауапкершілікке тартуды талап етті. Кейін кәсіпкердің үстінен іс қозғалғаны хабарланды.

«Бұрын үйленген, баласы бар»: Танымал тележүргізуші болашақ күйеуінің өткені туралы айтты «Бұрын үйленген, баласы бар»: Танымал тележүргізуші болашақ күйеуінің өткені туралы айтты Бірнеше ай бұрын ажырасып, АҚШ-қа көшіп кеткен Әсел Сәдуақасова жаңа өмірін көрсетті Бірнеше ай бұрын ажырасып, АҚШ-қа көшіп кеткен Әсел Сәдуақасова жаңа өмірін көрсетті «4-5 әйел алған»: Раймның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасаған кәсіпкер өткені туралы айтып, ақталды «4-5 әйел алған»: Раймның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасаған кәсіпкер өткені туралы айтып, ақталды «Жылағаннан басқа сезім келмейді»: Төреғалидің қарындасы аяқасты Алматыға жолға шыққандарын айтты «Жылағаннан басқа сезім келмейді»: Төреғалидің қарындасы аяқасты Алматыға жолға шыққандарын айтты «Аузын ашып билегені болмады...»: Алтынай Жорабаева тойдағы биі үшін тағы да сынның астында қалды «Аузын ашып билегені болмады...»: Алтынай Жорабаева тойдағы биі үшін тағы да сынның астында қалды Жылдар бойы жаман өмірге салынып, адастым: Дастан Оразбеков сұмдық жайтты айтты Жылдар бойы жаман өмірге салынып, адастым: Дастан Оразбеков сұмдық жайтты айтты «Бүгін келініміздің бетін ашамыз»: Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той «Бүгін келініміздің бетін ашамыз»: Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той «Неге өз баламды өзімнен қызғанасыздар?»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың отбасына қатысты сынға жауап берді «Неге өз баламды өзімнен қызғанасыздар?»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың отбасына қатысты сынға жауап берді «Ойламаған жерден қосылдық»: Танымал тележүргізуші махаббат хикаясы қалай басталғанын айтты «Ойламаған жерден қосылдық»: Танымал тележүргізуші махаббат хикаясы қалай басталғанын айтты