Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Алған бетінен қайтпайды»: Димаш Құдайбергеннің әкесі ұлының мінезі туралы айтты

Танымал жұлдыз Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев Димаш отбасында қандай екенін айтты, деп жазады "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасаған paryz.kz

«Алған бетінен қайтпайды»: Димаш Құдайбергеннің әкесі ұлының мінезі туралы айтты
фото: sn.kz

"Үйде бала - бала болады ғой. Димаш, жалпы біздің үйдің үш баласы да әлі күнге менің әке-шешемнің ортасына барып, мауқын басып, еркелей кетеді. Димаш үйде ата-анаға бала бола біледі. Қарындасы мен інісіне аға бола біледі. Ақыл сұрайтын кездері де аз емес. Өзінің ойын ортаға салатын кезі де болады. Димаштың жасы біразға келгеннен кейін әртүрлі тақырыпта әңгіме айтамыз. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелерге өз қынжылысын айтып отырады. Нағашы әжем "Баланың өзін туғанмен, мінезін тумайсың" деп айтып отыратын. Біздің үйдің үш баласының мінезі үш түрлі. Димаш алған бетінен қайтпайды. Сосын ешқашан жасып қалмайды. Оның алға қойған мақсаты, жүрегіндегі сенімі бар. Ортаға салады, біз пікірімізді айтамыз. Бірақ шешімді қабылдайды. Өйткені азамат қой", - деді Қанат Айтпаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергеннің есімі Джеки Чан кітабының мұқабасына шыққан болатын.