Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Балаларымызбен жыныстық қатынас туралы ашық сөйлесеміз» – Ләйлә Сұлтанқызы

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы отбасында балаларымен жыныстық қатынас жайында ашық сөйлесетінін айтты. Бұл туралы журналист Айнұр Ильясованың MOM'sкий әңгіме бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Балаларымызбен жыныстық қатынас туралы ашық сөйлесеміз» – Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: ашық дереккөз

Айтуынша, күйеуі екеуі балаларының жауапкершілігін бөліп алған.

“Бұл дұрыс екен. Мен бұрын оларды балабақшаға өзім апарып, алып келуді, жиналысына өзім баруды, сабағын өзім қарауды қалыпты жағдай деп ойлайтынмын. Аналардың бәрі соны істеп жүр. Менде ана болған соң істеуім керек дейтінмін.

Уақыт өте келе мен айта алмайтын тақырыптар көбейді. Оны қанша кітаптан оқысам да, қанша дәрігер, урологпен сөйлессем де, түсіндіре алмаймын. Мен үшін ол жағдай туралы айту қиын. Содан кейін әкесі екеуміз отырып алып “Мен ол нәрсені айта алмаймын. Сен қалай өзің жеткізесің, қалай ретін табасың, өзің білесің” деп келістік. Бір күні жұмыстан келсем, үшеуі үйдің жанында кішкентай моншада отыр. “Не қылып отырсыңдар десем, еркекше әңгіме айтып отырмыз” дейді. Ол жерде терлеп, әңгіме емес, ақыл үйретіп отыр ғой (күліп). Мен айтамын балаңмен сөйлесу деген – ақыл үйрету емес қой деп”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.