Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Онымен бірге қартайғым келетінін түсіндім": Айжан Байзақова күйеуімен қалай танысқанын айтып берді

Айжан Байзақова күйеуімен қалай және қай жерде танысқанын айтып берді. Блогердің айтуынша, ол махаббатпен тұрмыс құрған, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

"Онымен бірге қартайғым келетінін түсіндім": Айжан Байзақова күйеуімен қалай танысқанын айтып берді
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы Айжан Байзақова Instagram парақшасында жазды. 

Сөзінше, ол жұбайымен караокеде танысқан. Бірақ кейін күйеуі болады деп ойламағанын айтады. 

"Мен оған өзімнен үлкен ағам жоқ екенін, бірақ әрқашан оның болғанын армандағанымды айттым. Сол кезде ол: "Мен сенің ағаң бола аламын", - деді. Бірақ тағдыр бізбен келіспеді. Ол өмірімде пайда болғаннан кейін ер адамның қолдауын бірден сезіндім және онымен бірге қартайғым келетінін түсіндім", — деп жазды Айжан.

Блогер көбісі олардың жұбына сеніммсіз қарайтынын айтып өтті. 

"Біздің махаббатымыз кез келген сөзден күшті. Бәріне бір-бірімізді шынымен жақсы көретінімізді дәлелдедік. Мүмкін, мен қазақ дәстүрі бойынша мінсіз әйел немесе келін емес шығармын. Алайда мен екіжүзді болмаймын, мен шынымен сүйемін, адал боламын. Жаңа отбасымды қорғауға уәде беремін. Тұрмысқа шығу менің өмірдегі мақсатым емес еді. Өзімді-өзім қамтамасыз ете алатынмын. Менде бәрі бар. Сондықтан махаббат үшін тұрмысқа шықтым деп айтуға болады", - деді Байзақова.

Айта кетсек, Айжан Байзақова бір апта бұрын тұрмысқа шықты. Желіде оған үйленуге ұсыныс жасалып, кейінірек "сырға салу" рәсімі өткізілгені туралы видео да пайда болған.