Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Бақыт Шадаева: «Жасым 52-ге келсе де әлі жап-жаспын»

Бақыт Шадаева 52 жаста өзін жас сезінеді. Әнші тыңдармандарына көңіл күйі, денсаулығы мен күтімі жайлы ашық айтты. 

Бақыт Шадаева: «Жасым 52-ге келсе де әлі жап-жаспын»
Фото: ашық дереккөз

“52-ге келдім. Өзімді өте жақсы сезінемін, әлі жап-жаспын, көңіл-күйді әрдайым көтеріңкі ұстаймын. Әрине оның бәрі еңбек, денсаулыққа алдын ала әрекет жасаңыз, керек дәрумендерді қабылдаңыз. Су ішіп, тамағыңызды жеңілдетіңіз, жас келген сайын ауыр тағам жемеңіз. Көп қозғалып, күлімдеп жүріңіз. Сонда бәрі жақсы болады. Бақытты болу үшін үміттермен өмір сүруді доғарыңыз. Көңіл көтеру үшін спортпен шұғылданыңыз. Өзіңізді түсіну үшін өзіңізге сұрақ қойыңыз. Әлемді түсіну үшін оқыңыз. Табысқа жету үшін қателесуден қорықпаңыз. Көбірек алу үшін беріңіз. Жақсы түсіну үшін үйреніңіз”, – деп жазды әнші Instagram парақшасында.