Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Нұрлан Сабыров өзге ұлттардың қазақтар туралы пікірі ерекше әсер ететінін айтты

Белгілі әзілкеш Нұрлан Сабыров «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасында қазақтардың танымалдығы туралы айтты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

Нұрлан Сабыров өзге ұлттардың қазақтар туралы пікірі ерекше әсер ететінін айтты
Фото: ашық дереккөз

Нұрлан Қоянбаевтың бағдарламасына келген танымал әзілкеш Нұрлан Сабыров әлемде қазақтарға қатысты жылы әзілдер жөнінде пікір білдірді. ТМД кеңістігінде өзге елдердің қазақ халқына деген көзқарасына белгілі әзілкеш салмақты оймен қарайтынын айтты.

Қазір әлемде "Қазақтар не істеп жатыр?" деген тренд-сұрақтар жиі қойылады. Біз солай көргіміз келе ме әлде әлемде қазақтардың дәуірі басталды ма?

деді Нұрлан Қоянбаев.

Бұл сұраққа Ресейде тұратын әзілкеш қазақтардың расымен де имиджі жоғары екенін жиі байқайтынын айтады.

"Менің ойымша ТМД көлемінде қазақтардың имиджі өте жоғары. Көбі "мен қазақ болып туғым келеді", "Қазақтар әрдайым бірнәрсені ерекше жасайды" деп жатады. Әрине, бұның барлығы әзілмен айтылатыны түсінікті. Бірақ бұны жұмсақ қана күш деуге болады. Әрі Қазақстанды білмейтін адамдарға ерекше әсер етеді. Бір жағынан өте керемет жағдай. Бұл қазақтарға қатысты жағымды пікірдің басы ғана екеніне сенімдімін. Спорт, өнер, мәдениет, музыкада да солай", — деді Нұрлан Сабыров.