Белгісіз біреулер Youtube желісінде эстрада әншісі Жігер Ауыпбаевтың «қайтыс болғаны» туралы жалған ақпарат таратып жіберген, деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі Елорда инфо сайтына сілтеме жасап.
Ал өнер иесі өзінің Instagram парақшасында бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ол өзі туралы шыққан видеоларды желіде көрсеткен.
Осылай қарап отырсам, әндерден кейін «Шұғыл хабар» дейді. Мен қайтыс болып кетіппін ғой. Мынау не хабар енді? Менен құтыла алмай жүр ме? Үш күн бұрын салыпты. «Ешкім аман қалмады» дейді. Алла сақтасын, - деп айтты әнші видеода.
Сондай-ақ ол: «Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле» дейді емес пе?», - деп жазып қойды.