Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Айқын Төлепбергеннің денсаулығы сыр берді

Жақында танымал әнші бір айда бес концерттен бас тартты, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

Айқын Төлепбергеннің денсаулығы сыр берді
Фото: ашық дереккөз

Осыдан бірнеше апта бұрын Айқынның дауысы шықпай сөйлеуден қалған. Содан дереу дәрігерге қаралған әншіге "лорингит" деген диагноз қойған. Ол дегеніміз дауыс "желбезегінің ісіп" қабынуы.

Қазір өнер иесі күнде дәрігерге барып, ем қабылдап жүр. Сондай ем алып жатқан сәтінен түсірілген видеоны өнер иесі әлеуметтік желісіне жүктеді. Онда әншінің аузына медициналық құрылғы кіргізіп жатыр.

"Бірінші дәрігердің, екінші дұрыс тамақтану мен ұйықтаудың арқасында дауыс желбезегім ақырындап емделіп келеді. Бұл айдың ішінде бес концерттен бас тартуға тура келді. Себебі, қазір маған тыныштық керек. Ән айтуға мүлдем болмайды. Бірақ келесі айда концерттерде жолығамыз", — деді әнші Айқын Төлепберген.