Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей әнші Ұлықпан Жолдасовтың құйрығын ұстап тұрған видео желіде әп-сәтте тарап кеткен болатын.
Бұл туралы paryz.kz ақпараттық агенттігі Caravan.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайрат Әділгерейдің бірнеше сағаттан соң Ұлықпан мырзадан кешірім сұраған видеосы пайда болды.
"Өз арамыздағы видео еді. Неліктен оны таратып жібергенін түсінбедім. Ол дұрыс емес қой. Іштегі видео іште қалу керек еді. Ұлықпан аға кешіріңізші, жерге кіріп кетейін деп отырмын ұяттан. Бұлай таратып жібереді деп ойламаппын. Кешіріңізші", - деп Қайрат мырза дауыстық хабарлама жолдаған.