Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Айсараны жек көрудің қажеті жоқ": Енесіне қол көтерген актриса елге өтінішін айтты

Дариға Бадықова "Келінжан" сериалында сомдауға қиын түскен сахна жайлы әңгімеледі. Ол Айсараның образын ашу үшін үлкен кісіге қол көтеруге мәжбүр болғанын айтып, елден Айсараны жек көрмеуді өтінді. Сөзінше, бұл сахнаны алып шығу өзіне де оңай соқпаған. 

"Айсараны жек көрудің қажеті жоқ": Енесіне қол көтерген актриса елге өтінішін айтты
Фото: ашық дереккөз

Көрермен көзайымына айналған отбасылық телехикаяның кезекті бөлімінде бетбақ Айсара енесіне қол көтеріп, күйеуі мен оның отбасына тіл тигізеді. Бұған шыдай алмаған Қылышбек әйелін шапалақпен тартып жібереді. Дариға Бадықова бұл сахнаны алып шығу өзіне де оңай соқпағанын айтып, халықтан Айсараны жек көрмеуді сұрады. 

"Осы сахна қиыын болды. Біраз дубль жасалды. Жаңа көріп отырып, жүрегім ауырды. Жақсы адамды ойнау оп-оңай. Жалмауызды ойнау қиын. Жеткізу үшін неше түрлі сезімді бересің. Өз жадыңнан шығу үшін, сөзді туғызып сөйлейсің. Өзім сеніп қалдым, бұндай товары құрсын деп. Бұны сабақ деп қабылдаңыздар. Бұндай іске жоламаңыздар.

" Мен қарсылық білдірдім, үлкен кісіні бұлай ұрып жібермейді, ұят болады деп. Режиссер "ұрып жібергені былай тұрсын, енесімен жұлысатындар бар ғой өмірде" деді. Режиссер солай көріп тұрса, қарсы шыға алмайсың! Айсараны жек көрудің қажеті жоқ! Осы образбен алданған әйелдердің жанталасын, тығырыққа тірелгенін, басының дауға қалғанын көрсетті. Өмірде болған жағдай", - деп түсіндірді Бадықова.