Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Төреғали Төрәлінің үстінен полиция тексеріс бастады

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер жігіт өзіне әнші Төреғали Төрәлі тап беріп, қабағын жарғаны туралы айтады, деп хабарлады paryz.kz Elorda Info сайтына сілтеме жасап. 

Төреғали Төрәлінің үстінен полиция тексеріс бастады
фото: әлеуметтік желіден

Видео кадрларынан қабағы жарылған жігіттің қасынан бір топ адамды көруге болады. Олар Төреғали Төрәлінің жас жігітке қол көтергенін куәгер ретінде бірауыздан растайтыны айтады.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты Қазақпарат тілшісіне төмендегідей түсінік берген.

Қазір аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Алматы облысы полициясының тапсырмасымен бұл іспен Кеген ауданының полициясы айналысуда. Іс облыстық полицияның бақылауына алынды,- делінген ведомство хабарламасында.