Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Жұлдызай Дүйсенбиева айықпас дертке шалдыққанын айтты

Белгілі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығындағы ақау жайлы айтты.

Жұлдызай Дүйсенбиева айықпас дертке шалдыққанын айтты
Фото: видеодан скриншот

Сөзінше, ол миллионның бірінде кездесетін жүрек ауруына шалдыққан. Бұл туралы "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасында айтты.  

"Миллионның бірінде болатын сырқат. Қандай да секундтар жүрегімнің соқпай қалатын кезі болады. Сондықтан маған ұшаққа көп отыруға болмайды. Ол емделмейді, менімен бірге кететін сырқат. Аса қауырт болмаса, ұшаққа мінбеймін. Ал енді қауырт кезде ұшаққа мініп, иманымды үйіріп, мінгеннен сүрелерді оқимын. Түскенше ешкіммен сөйлеспеймін, теледидар да көрмеймін, тамақ та ішпеймін", - деп ағынан жарылды Дүйсенбиева.