Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Салық комитеті Мәдина Сәдуқасованың банктегі шоттарын бұғаттап тастаған

Мәдина Сәдуақасованың басына қара бұлт үйірілді. Салық органдары әншінің барлық жеке шоттары мен депозиттерін бұғаттап қойды.

Салық комитеті Мәдина Сәдуқасованың банктегі шоттарын бұғаттап тастаған
Фото: stan.kz

Ақшаны картада ұстап үйренген Мәдина қолында қалған соңғы тиындарын көрсетті, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Менің барлық шоттарымды, депозиттерімді салық органы бұғаттап тастапты. Не үшін екенін білуге келдім. Не істеп қойдым мен? Есепшімді күтіп отырмын" - деп басына түскен жайтты баяндады Сәдуақасова. 

Әнші көп ұзамай мәселенің анық-қанығына жетті.

"Шоттарымның арестке қойылуы ЖК-мен (жеке кәсіпкер) байланысты екен, бірнеше күнде шешілуі керек. Бірінші жолы ескерту жасайды екен. Қолма қол ақша жоқ екен менде, соңғы тиындарымды санап қалдым", - деді әнші.