Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Айнұр Тұрсынбаева келінінің той көйлегі қанша тұратынын айтты

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева келін түсіріп, ұлы Бекланның тойын Түркияның төрінде өткізген болатын.

Айнұр Тұрсынбаева келінінің той көйлегі қанша тұратынын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Ол Желідегі парақшасында келінінің көйлегінің бағасын айтты, - деп хабарлайды  paryz.kz ақпараттық агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Достар, Мәдина келінімнің той көйлегін аларда қайсын таңдайық деп сұраған едік. Естеріңізде ме? Көз алдарыңызда сіздермен бірге таңдағанбыз", - деп жазды ол.

Айнұр Тұрсынбаева жүктеген суреттерде төрт көйлек көрінеді, олардың бағалары - 750 мың, 900 мың, 1 миллион бір жүз мың, 1 миллион. 

Айта кетейік, мамырда Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы Беклан келін түсіріп, бұл қуанышты жаңалықты әртістің өзі Желідегі парақшасында жазған еді. 

Еске салайық, бұған дейін айтыскер ақын ұлының тойын Түркияда дүркіретіп өткізгені хабарланған болатын. Желідегі сурет-видеоларға сүйенсек, той Түркиядағы JW Marriott Hotel Istanbul Marmara Sea қонақүйінде өткен. Сондай-ақ, Айнұр Тұрсынбаева белгілі әншіге тойдан ерекше сый жасаған.

Сонымен қатар, ол ұлының тойын яхтада жалғастырған еді. Ал Мейрамбек Бесбаев Түркияда тойлатқан Айнұр Тұрсынбаеваға араша түскен болатын.