Әнші Нұржан Керменбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол төртінші рет әке атанды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
"SuperStar KZ" жеңімпазы сәбидің есімін айтты: Болатбек Имран Нұржанұлы.
Дүниеге Болатбек Имран Нұржанұлы келді. Салмағы 3 келі 50 грамм, бойы 50 сантиметр", - деп қосты Нұржан Керменбаев.
Әнші жарымен Таразда өткен концертінде танысқан. Жаңа туған сәбиден бөлек, отбасы екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.
Нұржан Керменбаев – "Жыл таңдауы" ұлттық телевизиялық музыкалық сыйлығының үш мәрте лауреаты.
Маусым айында кино және телевидение продюсері Нұрлан Қоянбаевтың үшінші рет әке атанғаны хабарланған еді.
Сонымен қатар әнші Мақпал Исабекова алғаш рет ана атанды.