Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Аузыңа ие бол, сорлы": Мақпал Жүнісова желіде оқырманымен сөзге келіп, басы дауға қалды

Мақпал Жүнісованың басы тағы дауға ілікті. Халық әртісі желіде өзіне тіл тигізген оқырманымен ұрысып қалды. Әбден ашынған Жүнісова тыңдарманын "сорлы" деп атады.

"Аузыңа ие бол, сорлы": Мақпал Жүнісова желіде оқырманымен сөзге келіп, басы дауға қалды
Фото: ашық дереккөзі

Бұл туралы  paryz.kz ақпараттық агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жүнісова Instagram парақшасына тойда бейтаныс әйелмен бірге түскен суретін жариялады. Желіге жүктегені сол еді, оқырмандардың бірі Халық әртісіне тіл тигізді.

"Осы қатын да көрінгенмен жабысып, Мақпал деген сайын... Зейнеп апа "алб..." деп дұрыс айтып еді", – деп пікір қалдырған оқырман. Ашуға булыққан әнші үнсіз қалмай, жауап берді.

"Кім болсаңыз да оттай беріңіз, кім көрінгенмен түспеймін, аузыңа ие бол сорлы", – деді Жүнісова.