Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жақында ғана анасы өмірден озған Арман Дәулетияровқа қолдау білдірді.
Ол әріптесінің отбасындағы қайғылы жағдайды ауыр қабылдаған, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі nur.kz-ке сілтеме жасап.
Ләйлә Сұлтанқызы Арман Дәулетияровқа арнаған жазбасын Instagram парақшасында жариялады.
"Арманның арманы. Арманның анасымен жүктеген видеолары сондай шынайы, сондай әсерлі еді. Анамыздың көзін көрген адам ретінде кейде жүрегіме жақын қабылдап, жылап та қалатынмын. Соңғы салған видеоларында"балам, мен өлсем жылама" деп жиі айтатын. Қалай жыламайсың? Арман көз жасын көрсеткісі келмеді, сол кезде желіге ештеңе жүктемеді. Біраз уақыттан кейін отбасымен Меккеге барғанын көрдік. Анасының үйін мешіт қылуға рұқсатын бергенін БАҚ-тан оқыдық. Кез-келген адам мұндай қадамға бара бермейді", - деп жазды тележүргізуші.
Айта кетейік, Арман Дәулетияровтың анасы осы жылдың шілде айында өмірден өткен болатын. Қаралы хабарды медиаменеджердің өзі жеткізді.
Дәулетияров анасының қазасынан кейін оның үйінен мешіт жасамақшы екенін айтты.