Әлеуметтік желіде белгілі әнші Мөлдір Әуелбекованың "қайтыс болғаны" жөнінде ақпарат тарады.
Өнер иесі ол ақпараттың жалған екенін айтып, уайымдаған оқырмандарына жазба арнады, деп хабарлайды paryz.kz caravan.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бүгін күні бойы мені уайымдап, хабарласып жатқандарыңызға рахмет. Аллаға шүкір, тірімін! Осындай жалған ақпарат таратқандарға дауа жоқ! Аллаға шүкір аман-сау, той тойлатып жүрмін", - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.
Еске салсақ, танымал тұлғаларға қатысты мұндай жалған ақпараттар өзге де әншілерге қатысты тараған болатын.