Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Жасым 20-да болғанда 35 беретін": Ләйлә Сұлтанқызы артық салмақтан қалай қиналғанын айтты (ВИДЕО)

Кезінде артық салмақтан жапа шеккендердің бірі - Ләйлә Сұлтанқызы. Тележүргізуші артық салмақтан арылу үшін біраз тыраштанғанын айтады.

"Жасым 20-да болғанда 35 беретін": Ләйлә Сұлтанқызы артық салмақтан қалай қиналғанын айтты (ВИДЕО)
Фото: stan.kz

"Бойжеткен шағымда толық болдым" деген Ләйлә артық салмақтан қалай қиналғанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

"Бойжеткен, бізде сіздің өлшеміңіз жоқ, - дейтін. Біріншіден, әдемі киінгім келеді. S, M өлшемді киім кигің келеді, ал сен XXL бергенде көңілің кәдімгідей жабырқайды. Жасың небәрі 20-да болып, саған 35 бергенде, тіпті көңілің түседі. Сол себепті терең депрессияға түскен кездер де болды", - деп бөлісті Ләйлә Сұлтанқызы.

Ол артық салмақтан арылуға не итермелегенін айтты. 

"Артық салмақтан арылуыма ең бірінші кезекте махаббат көмектесті. Өмірге деген махаббат, болашақ жарыма деген махаббат. Мен тырысамын, ол менің қолымнан келеді. Сол сияқты барлық адамның қолынан келеді. Ең бастысы, әр дүйсенбі бастау емес, дәл қазір бастау. Өзіңді жақсы көре бастау. Өзіңе не керек екенін анықтап, жаза білу", - дейді Сұлтанқызы.