Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Кетіп қалса, оңай болмас еді": Мақпал Жүнісованың қызымен түскен видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті

Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіге қызы Мереймен бірге өткізген қуанышты сәттерін жиі жүктейді. Бұл жолы Халық әртісі демалыста жүрген видеосын жариялап, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

"Кетіп қалса, оңай болмас еді": Мақпал Жүнісованың қызымен түскен видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті
Фото: stan.kz

Бұл туралы paryz.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Анасы мен қызының ән салып, шаттанып тұрған сәтін көрген жұрт екеуінің татуласқанына қуанды.

"Қызыңыз кешірді ме, бәрі жақсы ма?" – деп сұрады оқырмандардың бірі. Оған Халық әртісі:

"Шүкір Аллаға, "бәрібір менің анам да, әкем де сіздер боласыздар" деді. Бір жасап қалдым. Қыз кетіп қалса, маған оңай болмас еді, әрине", – деп жауап берді.