Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қайрат Нұртастың әйелі балаларына мектеп формасына қанша ақша жұмсағанын айтты

Әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримова Instagram-парақшасында балаларын қаншаға киіндіргенін айтты, - деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Қайрат Нұртастың әйелі балаларына мектеп формасына қанша ақша жұмсағанын айтты
Фото: видеодан скриншот

Оның сөзінше, сауда дүкендерінде адам көп, бірақ таңдау жоқ.

"Министрдің мектеп формасын алуға 35 мың теңгені қалай жеткізгені туралы кім біледі? Қазір көреміз қаншаға шыққанын, Нарұлға екі шалбар, бір пиджак, бір жилет, бір көйлек, бір поло, ал Ханға бір шалбар, бір көйлек, бір поло, жилет. Пиджактан Ханның өлшемі болмады, сондықтан басқа жерден іздейміз" - деген ол.

Сондай-ақ, Жұлдыз Абдукаримова осы заттардың бағасы қаншаға шыққанын көрсеткен.

236 900. Аяқкиімсіз 200 мыңның үстіне шықты. Бұл тек алу керек киімдердің жартысы. Тағы бір пиджак, тағы бір шалбар алу керек. 4 галстук, 1 белдемше 15 490 теңге шықты. Әлі көйлек аламын, Алауға белдемше аламын, қыздарға аяқкиім аламын", - дейді ол.

Оның сөзінше, дүкендер билік өкілдеріне "Керемет Қазақстан" жасап қояды.

"Достар, мен бұл сториздерімді министрді қаралау үшін не жамандау үшін салып жатқан жоқпын. Ол кісінің жұмысына, білім саласына әкелген тың өзгерістеріне ризамын және қолдаймын! Байқасаңыздар, билік адамдарының ешқайсына жақын емеспін, мақтамаймын да. Бірақ осы министрдің жүзі жылы, оқыған, көреген, білімді адам деп қабылдаймын. Ал мектеп формаларының арзан емес екені шындық. Өз басым туғаныма жақпаса да шындықты айтқанды ұнатамын. Сондықтан қазіргі халықтың шындығы - мектеп формасының қолжетімсіздігі. Бір жағы министрдің де кінәсі жоқ. Неге?! Себебі Президент келе жатыр, министр келе жатыр деп, ең жақсы дүниесін шығарып, бағасын арзандатып, "Керемет Қазақстанды" көрсетіп қояды. Ал қарапайым халық келсе, "реально Қазақстанға түседі". Сондықтан болар, халық пен билік екі тілде сөйлеп, екі түрлі елде өмір сүріп жатқандай көрінетіні..." - деп жазған ол.

Ол барлығы 300 мың теңгеден асып кеткенін жеткізген.

"Сонымен достар, жүріп-жүріп тапқанымызды алдық. Әлі көп нәрсе алынған жоқ. Бүгінгі сауда 358 000 теңгеге шықты. Оған кеңсе тауарлары кірмейді", - дейді ол.

Жұлдыз Абдукаримованың сөзінше, сынайтын жұрт табылады.

"Бұл сома біреуге қымбат, біреуге арзан көрінер. "Әрине, сіздер қымбат дүкеннен киінесіздер" деп сөгетіндер де табылар. Ешкімге ештеңе демеймін. Қазіргі балалар тәуелсіз таңдау жасай алады. Ата-ананың қалтасына қонғаны, баласының көңіліне қонбауы мүмкін. Уақытым болса, базарды да аралап, бағаларымен танысып шығуға ниеттімін. Біздің ажырасқан-ажыраспағанымызды емес, өзіңізге білім мен нан болар пайдалы дүниені талқыласаңыздар екен. Иә, қателік бізден де бар. Мойындаймын. Бірақ бүгінгі сабылып, киім таппай, киім тапса ақшасы жетпей жүрген жұртты көріп, ойланып қалдым. Алдымыз қыс. Астана қазірден-ақ суытып кетті. Жанашыр жанның сөзі деп қабылдарсыздар, жұрттың өсегін-төсегін талқылайтын заман кетті. Сауатты болайық, жақсы өмірге талпынайық..." - дейді ол.