Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Өрісімді шектейтін адам менікі емес». Ақбота-Нұр жарына қандай талап қоятынын айтты

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет болашақ жарының қандай болғанын қалайтынын айтты. Сылқымның сөзінше, сүйіктісі оның өнеріне кедергі келтірмеуі керек, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасап. 

«Өрісімді шектейтін адам менікі емес». Ақбота-Нұр жарына қандай талап қоятынын айтты
фото: әлеуметтік желіден

КешYou-де ән салып жүріп Дәурен Айдарқұловпен танысқан Ақбота-Нұр көп ұзамай әзілкешпен бас қосады. Бүгінде ортақ некеден туған бір ұл мен бір қыз өсіп келеді. Алайда екеуінің отбасылық ғұмыры ұзаққа созылмады. Ақботаның айтуынша, өнер адамы болғанына қарамастан, Дәурен оны шамадан тыс қызғанатын. Сол үшін арада ұрыс-керіс те көп болатын. 

Ал сұлулығымен талай жігіттің жүрегін жаулаған Ақботаның ендігі болашақ жарына қояр талабы бар. Instagram оқырмандарының бірі Ақботадан шоу-бизнесті әлде отбасын бірінші орынға қоятынын сұрады. 

"Екеуі де мен үшін маңызды. Мені бар болмысыммен қабылдаған адам өз таңдауына қарсы шығады деп ойламаймын. Өрісімді шектеп, қанатымды қиятын адам менікі емес", - деп жауап берді Ақбота-Нұр.

Одан бөлек, актриса қаншалықты кешірімді екенін айтты.

"Өткен шақтағы Ақботаш көбінесе кешірімді таңдайтын. Ал қазір "қалған көңіл - шыққан жан", - деді Сейтмағамбет.