Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Мұрныңды түбінен кесіп тастаймын": Гүлзира Айдарбекова оқырманына ауыр сөз айтты

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әнші ұлы Қайрат Нұртас үшін сөзге келіп қалды, деп жазады paryz.kz Caravan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Мұрныңды түбінен кесіп тастаймын": Гүлзира Айдарбекова оқырманына ауыр сөз айтты
Фото: ашық дереккөзі

Продюсер әлеуметтік желіге Қайраттың Қырғызстанда ән кешінен суреттер жүктеп, «Қырғыз еліне алғысымыз шексіз», деп жазды. 

Оқырмандардың бірі «Қайрат жанды дауыста бір ән айтса, мұрнымды кесіп берейін» , деп әншінің жанды дауыста ән айтатынына күмәнданды. 

«Онда бір тойда, не концертте жолығайық. Мен саған дәлелдеп берейін. Бірақ, сен мұрныңды түбінен кесіп тастасам да ренжімейтіндей бол. Еркексің ба, осыған келіс. Не болмаса, юбка киіп ал. Өтірік парақшамен жаныңның жарасын, іш күйінішіңді шығарып, өз-өзіңді жұбатпай-ақ қой», деп өз жауабын жазды ол.