Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Халық жек көріп кетпесе екен": Жігер Ауыпбаев көрермендер алдында мәлімдеме жасады

Белгілі әнші, "Меломен" тобының бұрынғы мүшесі Жігер Ауыпбаев Qazaqstan арнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасында қонақ болып, жеке шығармашылығындағы жаңалықтарын бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Халық жек көріп кетпесе екен": Жігер Ауыпбаев көрермендер алдында мәлімдеме жасады
фото: әлеуметтік желіден

Жігер жақында тағы бір әнді көрермен назарына ұсынды. Ол 90-жылдары Өктем Алтаев орындаған "Жұмбақ қыз" әнін жаңа нұсқада орындап шықты. "Тойдың форматынан шығып, үлкен сахнада да орындай беретіндей дүние жасағымыз келді", - дейді әнші.

"Жұмбақ қыз" әнін халыққа танытқан Өктем Алтаев та Жігердің бұл еңбегін жоғары бағалап, әннің жаңа тынысын ашқанын айтты. Сондай-ақ Жігер Ауыпбаев өзінің актерлік қабілетін де арттыруда. Ол жаңа маусымда жаңа сериалға түскен.

"Халық жек көріп кетпесе болды. Ол жердегі менің образым - өте жағымсыз рөл. Ол да керек болды, себебі, кино әлеміндегі алғашқы қадамым. Сериалға алғаш рет түсіп жатырмын, бұл мен үшін үлкен мәртебе. Сондықтан, берілген рөлге ешқандай қарсылық танытпай, келісе кеттім. Негізі жағымды кейіпкер, бірақ соңына таман тайып кетеді", - дейді әнші.

Айта кетелік, Жігер Ауыпбаевтың кино әлеміндегі алғашқы қадамы туралы бұған дейін де жазған болатынбыз.

Әнші әр түсірілім сайын сабақ алып жатқанын мәлімдеген еді.