Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ресейліктер Димаш Құдайбергенді орысша сөйлемегені үшін сынап жатыр

Ресейліктер Blitz+ порталында жарияланған ақпарға қарағанда, Димаш Құдайбергенді орысша сұрақтарға жауап бермей, орысша сөйлемегені үшін сынап жатыр, деп хабарлайды paryz.kz halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Ресейліктер Димаш Құдайбергенді орысша сөйлемегені үшін сынап жатыр
Фото: azattyg. ruhy

Портал қазақ әншісінің әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлерімен көбінесе ағылшын тілінде сөйлесетінін атап өткен.

Димаш Құдайберген орыс тілінен бас тартып, ағылшын тілінде сөйлеп жүр. Дегенмен оның ағылшыншасына шетелдің жанкүйерлерінің көңілі толмайды. Димашқа ағылшын тілін жақсылап үйрену керек, –  делінген видеода. 

Әнші желідегі жазбаларын көбіне-көп ағылшын және қазақ тілдерінде жазады. 

Жақында Димаш қазақ тілінде жазған әнінің үзіндісін жариялады. Ол Құдайбергеннің соңғы 5 жылда ана тілінде жазған алғашқы туындысы.