Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Қызығына қарық болыңыздар": Ләйлә Сұлтанқызы 40 жастан кейінгі өмір жайлы айтты

Сұлтанқызы желіде жаңа жазба жариялап, 40 жастан кейінгі өмір жайлы өз ой-толғауын бөлісті. БАҚ өкілі бұл жасты әркім әртүрлі сезінетінін жеткізді, деп жазады Paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Қызығына қарық болыңыздар": Ләйлә Сұлтанқызы 40 жастан кейінгі өмір жайлы айтты
фото: nur.kz

Ләйлә Сұлтанқызы бұл жазбасын Instagram парақшасында бөліскен.

Ол оқырмандарына 40-тан кейін өмірдің қызығы енді басталатынын айтып, 40 жастың қадірін түсіндіруге тырысты. Тележүргізуші көпшілікті бұл жастан қорықпауға шақырды.

"Қырықтың қадірі. Қырықтан аспай, бұл жастың өзге жастан өзгерек екенін өзім де білмеппін. Ол жасты әркім әртүрлі сезінеді екен. Бірі, 40-қа келіп әже атанады, ал бірі бұл жаста енді ғана бақытын жолықтырып, “ана” атанады. Енді бірі, бұл жаста өзінің қалауын тауып, бизнес бастаса, бірінде мансабының шарықтау шегі боп жатады. 

Ұлдары ержетіп, қыздары бойжетіп қалған әйелдерде тіпті жастық шақтың жаңа этапы басталады. Ұл-қызыңмен бір толқындасың, жолдасыңа доссың әрі сырлассың. Қателесуден қорықпайсың, тұрақталған ортаң, жылдармен сыналған достарың бар. Бұл жастың әдемілігі де сол. Жасы 40-қа таяған және 40+ қыз-келіншектер мені жақсы түсінеді. Сондықтан, бұл жастан қорықпаңыз. Керсінше, жасарып, қалауыңызды жасап, қырықтың қызығына қарық болыңыз", - деп жазды ол.