Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Айнұр Тұрсынбаева жұртты “ақіретпен” қорқытты

Айтыскер ақын сондай-ақ ешкімді талқылаудың қажеті жоқ екенін айтты.

Айнұр Тұрсынбаева жұртты “ақіретпен” қорқытты
Фото: stan.kz

Айтыскер ақын, соңғы уақытта психолог болып қазақтың қыз-келіншектеріне ақыл-кеңесңін беріп жүрген Айнұр Тұрсынбаева артық сөз айтатын оқырмандарына кеңес берді.

Әрбір екі адамның иығында екі періште отыратынын, әрбір сөзді олардың жазып отыратынын айтты Айнұр Тұрсынбаева, - деп жазады Paryz.kz Caravan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Ертең ақіретте өз сөздеріңе жауап беретін боласыңдар. Бірақ, өз сөздеріңіз үшін ол өмірде ғана емес, осы өмірде де жауап беретін боласыздар", - деді Айнұр Тұрсынбаева.

"Біздің біреуді талқылауға, сынауға хақымыз жоқ. Біреудің ісінде шаруамыз болмауы керек. Тек өзімізді ғана, өзіміздің өмірімізді ғана ойлауымыз керек", - деді Айнұр Тұрсынбаева.