Алматыдағы Неке сарайының қызметкері Лейла Айтжанова кезекті неке қию салтанатында жұп болған жастарға орысша тілек арнаған. Әйелдің сөздері түсініксіз шықса да, эмоциямен жеткізуі әп-сәтте елдің назарына ілініп отыр, деп жазады Рaryz.kz exk.kz сілтеме жасап.
Тіпті маманның майыса жеткізген әр тілегі әлеуметтік желіде желдей тарады. Басым бөлігі әзілге айналдырып, түрлі бейнероликтер түсіруде.
Бұл бейнежазбада Лейла Сейіткәрімқызы жастардың некесін тіркеп, ізгі тілегін айтуда. Бірақ асықпай құлақ салсаңыз, сөйлеген сөзінен оны жеткізу мәнері басым. Содан да болар дәл осы неке қию сәті әп-сәтте қызметкерді әлеужелі жұлдызына айналдырған.
Маманның сол салтанатты кештегі сөзі әлеуметтік желілерде түрлі әзілге тұздық болуда. Бірі болашақта жұптасып жатса дәл осы қызметкерге некесін қидыратынын жеткізсе, енді өзгелері жай күлкіге айналдыруда.