Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Жанар Айжанова бұрынғы күйеу баласы мен құдағиын опасыз отбасы деп атады

Жанар Айжанова бұрынғы күйеу баласы мен құдағиы жайлы ел күтпеген сұмдық мәлімдеме жасады. Әншінің айтуынша, олар Айжұлдыз жүкті кезінде іштегі сәбиге өлім тілеп, жас келінді үйден қуып шыққан, деп хабарлайды Рaryz.kz  exk.kz сілтеме жасап.

Жанар Айжанова бұрынғы күйеу баласы мен құдағиын опасыз отбасы деп атады
instagram

Жанар әлеуметтік желіге қызы Айжұлдыздың кішкентай кезіндегі видеосын жүктеген. Ескі бейнетаспаға оқырмандары түрлі жазба қалдырғанымен, ішіндегі бір ғана пікір Айжанованың ашуын тудырған.

Айжұлдызды жалғыз өсірдіңіз, қиыншылықты көрдіңіз. Алла сізге қуат берсін. Сылдырмақты (немереңізді) әкесінен айырмаңызшы,

— деп өтінді оқырманның бірі.

Айта кетейік, әнші жиен немересі Назарға "Сылдырмақ" деп лақап ат қойған. Бірақ дәл осы сауал Жанар ханымның ашуына қатты тиді. Осы уақытқа дейін қызы мен күйеу баласының сәтсіз некесі жайлы ешкімге тіс жармаған Айжанова алғаш рет Айжұлдыздың ажырасуына Қыран мен оның анасы кінәлі екенін жасырмай айтты.

instagram

instagram

"Ешкім де айырған жоқ. Оны маған емес соның шешесіне айт. "Ішіңдегі бәле өлсін, тусаң өзің үшін ту, маған пох*й" деп есіктің алдына әкеліп, қызымды лақтырып кеткен безбүйрекке айт. ЗАГС-ке тұрмаймыз, туған баланы тек асырап алып отырамыз" деген көргенсізге айт. Айжұлдыз қарны қампиып, тоғыз айында соқырішек болып операция жасап жатқанда ат ізін салмаған, өз ұрпағына өлім тілеп, керек емес деген солардың опасыз отбасына айт", — деп ашуланды Жанар.

instagram

instagram

Айжанованың айтуынша, бұрынғы күйеу баласы мен құдағиы жалғыз қызына осылай қиянат жасаған. Кезінде келіні мен іштегі шақалақты сыртқа тепкен отбасыдан қатты көңілі қалғанын ашық айтты. Сондай-ақ, дәл осы сұрақты қойған оқырманына да ұрсып тастады.

"Маған несіне сумаңдап отырсың? Алланың берген нығметі деп, бергенін қағып алып бағып отырмын. Ұл-қызың болса, алдын-ала ақыл айтып, асықпа. Алдыңда не күтіп тұрғанын қайдан білесің, айналайын? Бізде жазық жоқ, бүлдірген солар. Енді дайын балаға келіп, жырпылдағандары маған бес тиын. Менің балам, маған бұл балдырғанды Алла берді", — деді Айжанова.

instagram.com/zhanar_aizhanova

instagram.com/zhanar_aizhanova

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Жанар Айжанова жалғыз қызын ұзатып, Қыран Талапбек пен Айжұлдыз Адайбекова бас қосқан еді. Бірақ екі жастың отбасылық одағы ұзаққа созылмады. Олар жарты жылға жетпей ажырасқандарын ашық мәлімдеді.