Жақында Үндістанда демалып келген Әлия Байтұғаева дзи моншақтарын әкеліп, оларды Қазақстанда сатпақ, деп хабарлайды Рaryz.kz exk.kz сілтеме жасап.
"Супермамасита" деп танылған Әлия Байтұғаева есімді блогер тағы да бір кәсіп ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында айтты.
Ол "дзи" деп аталатын моншақтар мен түрлі талисмандарды Тибет пен Непалдан сатып алған. Қазір оларды елге әкеліп, онлайн дүкен ашып, сатылымды бастамақ.
Супермамасита енді Тибет моншақтарын сата бастады / instagram.com/super.mamasita
Дзи моншақтары дегеніміз — ежелгі тибеттік талисман. Оны табиғи миниралдардан жасайды. Көбіне Гималайда өндірілетін агаттан жасалады. Өзіме, отбасыма және сіздерге де алдым. Әр моншаққа дұға оқылған, энергиясы сұмдық. Сатылымды жақында бастаймыз,
— деп жарнамалайды өз өнімін блогер.
Пікір қалдырушылардың санына қараса, моншақтар мен түрлі әшекейлерді сатып алушылардың саны аз емес. Аса танымал блогер бұған дейін "қызыл жіп" сатып, жұртты бір шулатнқан еді.
Ал 2021 жылы Супермамаситаға қатысты қылмыстық іс те қозғалған еді. Ол кезде оның курсын сатып алғандар "ақшамызды жинап алды" арыз жазған болатын.