Жәния Джуринская сәбиін көпшілікке көрсетті. Ол қызын қырқынан шығарып, оның 7 күндік видеосын жариялады, деп хабарлайды Рaryz.kz stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Данияр екеуміздің туындымыз - Софи. Бүгін бұл бақытымызға, нәзіктік пен шексіз махаббатымызға 40 күн толды. Софи, бізді таңғажайып саяхат күтіп тұр. Әкең екеуміз әрқашан жаныңда боламыз", - деп бөлісті ол.
Көпшілік сәбидің кімге ұқсайтыны турасында ортақ пікірге келе алмады. Оқырмандардың бір бөлігі оны Жәнияның өзіне, енді бірі әкесіне, ал үшіншілері Жәнияның жиен сіңлісіне ұқсатып жатты.