Белгілі әнші Сәкен Майғазиев үйленген соң көп қиындық көргенін айтып, мұңын шақты, деп жазады Рaryz.kz exk.kz сілтеме жасап.
Әншінің айтуынша, отбасылық өмірі ертегідегідей бола қоймапты. Ол әйелі екеуі алғашқы жылдары бір үзім нан таппай, аш құрсақ жүрген. Содан Майғазиев дүңгіршекте түнеп, нан сатып кейін зауытта күзетші болып жұмыс істеген. Бұдан бөлек мейрамханаларда ән салған.
Сәкен Майғазиев басынан өткен қиындықтарын жайып салды / instagram.com/saken_maigaziyev
"Мейрамханаларда тоғыз тілде ән шырқап, нәпақамды тауып жүрдім. Кейін "МузАРТ" тобы құрылып, үлкен сахнаға жолдама алдым. Халықтың қошеметін көрдім. Қандай ортада жүрмейін әйелім қызғаныш деген қызыл иттің жетегіне ермеді. Ерледі. Қолдады. Қалықтау мен құлдырау күн мен түн сияқты кезектесіп тұрады емес пе, бәрін бірге көтердік, көтере де бермекпіз", — дейді Сәкен Майғазиев.
Ерлі-зайыптылардың отау құрғанына биыл 25 жыл толғанын айта кетейік. Осыған орай Сәкен жары Динараны алып, Еуропаға саяхаттап кетті. Өнер иесі күміс тойын Италияның Венеция қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өтті.
Қуана білгенге құт қонады. Бүкіл мейрамхана күміс тойымызбен құттықтап жатыр,
— дейді Сәкен Майғазиев.
Сәкен жары Динараны алып, Еуропаға саяхаттап кетті / instagram.com/saken_maigaziyev