Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Самат Нұртаза: қазақтың тойы қандай болуға тиісті?

"Біз қоғамды демократизацияландырамыз, сөз бостандығын енгіземіз, пікір плюрализмын жаңғыртамыз деп айтамыз. Дұрыс-ақ, керек құбылыстар. Сонымен қатар, мен қазақтың (басқа ұлттың емес) ысырапшылдығына бір көңіл бөлер едім"- дейді саясаттанушы Самат Нұртаза деп жазады Рaryz.kz. t.me/paranoiakz сілтеме жасап.

Самат Нұртаза: қазақтың тойы қандай болуға тиісті?
https://qazaq1913.com/2022/04/26/samat-n-rtaza-b-l-ekinshi-respublikany-bastauy-bolsa-kerek/

"Қазақтың тойы тым ысырапшыл әрі мақтанқұмарлыққа толы. Жігіт жағы да, қыз жағы да, соңғысын беріп шашылуға бейім, көптеген тойлар несиеге жасалып жатқаны да құпия емес. Дарақылық, бір-бірімен жарысу, "ел не дейді?" деген сасық кеуде, құр мақтан. Той біткеннен кейін қиналатын жастар, несие төлейтін де жастар, жоқшылыққа шыдамай ажырасатын да сол жастар. Еліміздегі ажырасу пайызы жоғары болып отырғанының бір себебі де, сол тойдағы босқа мал шашпақ сияқты.

Тойдағы тәртіп бөлек әңгіме. Әлеуметтік желіде тойда іш киіммен билеп, бір-бірімен сүйкеліп шар жарып, екі бұтына банан қыстырып оны әйеліне жегізіп деген сияқты анайы ойындарды көзіміз шалып қалады. Той мәдениеті жоқ. Бұрыңғы қазақтың тойы - мәселені талқылап, араздасқан жақтарды татуластыру, ортаға ой тастау еді. Бүгінгі той қиқу мен шиқу, анайылық пен дарақылық ордасына айналды. 

Елімізде проблема көп. Білемін. Десе де, осы той мәселесін бір жөнге салатын кез келген сияқты. Саясат/экономика да маңызды шығар, бірақ қарапайым қазақтың көптеп зардап шегетін жері осы тойдың жөнге келмеуі, тойдың ортақ тәртібінің болмауы. Тойды ысырапшылдықтан құтқарсақ, қарапайым қазақтың қалтасын да сақтап қаламыз" деп жазады Самат Нұртаза.