Отағасы, белгілі журналист Серік Әбдуәлі 50 жастан асса, оның келіншегі Дана Райымжанова 25-те. Таяуда желі жұлдызына айналған атышулы жұп тағы да қазнетті дүр сілкіндірді, деп жазады Рaryz.kz exk.kz сілтеме жасап.
Соңғы уақытта жұрт назарына жиі іліккен ерекше ерлі-зайыптылар күні кеше желіге тағы бір видео жүктеді. Аталған бейнежазбада елуден асқан шағында 25-тегі қызды алған отағасы өзіне көз тиіп, сырқаттанып қалғанын өлең жолдарымен жеткізіпті.
50-дегі еркекке тиген 25 жастағы қыз тағы да күйеуін мақтады / @danaraimzhanova
"Ойбой, маған көз тиді...
Не аңдыған көз тиді, не қаңғыған сөз тиді.
Болмасам да кәрі, ішіп жүрмін дәрі.
Көз тисе де, сөз тисе де, Tiktok-тан келді-ау бәрі.
Жаман қатты тиді. Жұрттың айтқан шалы.
Көре алмаса не деймін, аман болсын медигім.
Құдайдың қосқан жарым — өмірімнің мәні, көңілімнің нәрі.
25-тегі жары — 50-дегі ердің бағы.
Тіл-көз деген пәле, құрысын атамнан ары...", — деді ел арасында "шал" атанып кеткен отағасы.
Серік Әбдуәлінің сырқатына қатысты жұрттың жорамалы тым басқа. Олар елуден асқан еркекке сөз де, көз де тимегенін айтып, басты мәселе — кәрілікте екенін жасырмай жазыпты.
"Шал, мойындасаңшы, қуатың кетті ғой. Тіл-көзден көрме", "Жасы 50-де ме? Үлкен көрінеді екен", "Кеткен күш-қуатты сөз бен көзге жаппай-ақ қою керек шығар. Оны кәрілік дейді", "Мына шалға 50 емес, 75 сияқты",
— деп жазды желідегі жұрт.
Күйеуінің күш-қуатына күмәнмен қараған көпшіліктің бұл пікірімен жас келіншек келіспейді. "Әйелің күнде әдемі болып келе жатыр екен" деп отағасына бағытталған пікірге "Бағбан жақсы ғой" деп жауап жазды Дана Райымжанова.