Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукарімованың қарым-қатынасы тағы да ел аузында. Бұл жолы Жұлдыз әншімен ажырасқанын, қазіргі таңда басы бос екенін айтты, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.
Өзінің Instagram-дағы парақшасында Жұлдыз Әбдукәрімова басы бос екенін жеткізді. Ол бейнежабада балалары және Қайраттың көзінше оқырмандарына бар шындықты жайып салды.
Жұлдыз Қайраттың және балаларының көзінше ажырасқанын айтты / instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Белгілі тележүргізушінің шын немесе өтірік айтқаны әзірге белгісіз. Өйткені соңғы кездері Қайрат та, Жұлдыз да бірге қыдырып жүрген фото-видеоларын әлеуметтік желіге жиі жүктеп жүр.