Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Құрмаш Махан: Бір қызға тоғыз ән арнадым, бірақ оған қосылмадым

Әнші, композитор Құрмаш Махан өмірінде тараздық бір қызға қатты ғашық болғанын айтады. Ол арумен 5 жыл кездесіп жүріп кейін өзге әйелмен бас қосқан әнші махаббат хикаясын баяндап берді, деп жазады Рaryz.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Құрмаш Махан: Бір қызға тоғыз ән арнадым, бірақ оған қосылмадым
ашық дерек көздерінен

Бүгінде Құрмаш Махан үлгілі жар, бақытты әке. Алайда соған қарамастан, 2000 жылдары қоштасқан махаббатына әлі де ән арнауда. Тоғызыншы ән жақында ғана жарыққа шыққан. 

"Маңдайға жазылмаса, шын сүйгендер қосылмайды екен. Оған белгілі, белгісіз себептер болды. Бұл баянсыз махаббаттан ұтқаным не? Құрмашты Құрмаш қылған алғашқы "Армандаймын адам боп жаралған соң" әні сол қызға арналған. Ән Бағлан Омаровтікі, ал сөзін Әміре Қалмұрзаев деген кісі жазған. Авторлары бөлек болғанымен, менің орындауымда ол сол қызға арналды", - дейді композитор.

Сөзінше, ол енді бұрынғы ғашығына ән арнамауы мүмкін. 

"Оны ойлап, қайғыратын жастан кетіп қалдым. Екіншіден, мен қазір бақытты ғұмыр кешіп жатырмын. Өз адамымды таптым. Алла Тағала шебер, бәрін өз ретімен келтірді. Мен бастысы ол махаббаттың неге баянсыз болғанын түсіндім. Оның тұрмыс құратын адамы бар екен, менің де өз адамым бар екен. Біз соларға қосылып, мұратымызға жетіп, бақытты баянды ғұмыр кешеміз", - дейді Махан.

Ал композитордың қазіргі келіншегі оның баянсыз махаббаты жайлы да, әндерінің тарихы жайлы да хабардар. Бірақ түсіністікпен қарайды, қызғанбайды. 

"Менің өмірім тек сол махаббаттан тұрмайды. Басқа да қызықшылықтар, махаббаттар бар.

Қазіргі келіншегіме үйленудің алдында да өзінің еремет оқиғасы болды. Мен келіншегімді 40 жыл іздедім, Алладан сұрадым. Сондай шаршаған кезде ән жаздым. Сол әнді жазып тапқан келіншегім. 

Барлығынан бұрын сол әнді естіді, тыңдады. Өзіне сондай ән арнаған адамды түсінбесе, ол әйел болып жарытпайды. Біз бақытты адамбыз. Оның іздегені мен, менің іздегенім ол болды. 

Үйленгеннен кейін біраз уақыттан кейін барлығын айтып бердім. Өмір тарихымды біледі. Сол кезде бір есімнен кетпейтіні келіншегім: "Қызықсыз, неге соған үйленбедіңіз?" - деп ұрысты. "Оған үйленсем, саған үйленуім екіталай еді ғой" десем: "иә" дейді. Оның шынайы адами қасиеті маған ұнайды. Мен оны жақсы көрдім, сүйдім. Сөйтіп үйлендім", - дейді Құрмаш Махан.