Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Нұрлан Еспановтың ұлы жаңа көлігіне VIP нөмір тақты

Белгілі әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас су жаңа көлік сатып алды. Қымбат темір тұлпарына ол VIP нөмір тақты, деп жазады Рaryz.kz  Экспресс К сілтеме жасап.

Нұрлан Еспановтың ұлы жаңа көлігіне VIP нөмір тақты
ашық дерек көздерінен

Бұл туралы танымал әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Ол ұлының жаңа көлік алғанына құтты болсын айтып, сәттілік тілеген. Қымбат көліктің нөмірі де арзан емес.

Кіл жетіден тұратын нөмірді Олжас Еспановқа ағасы сыйға тартыпты. Ал Нұрлан ұлына "Енді осы көлікпен үйге келін алып кел!" деп жазды.

Нұрлан Еспановтың ұлы жаңа көлігіне VIP нөмір тақты / instagram.com/espanov_n

Нұрлан Еспановтың ұлы жаңа көлігіне VIP нөмір тақты / instagram.com/espanov_n

Әншінің оқырмандары да қуанышты хабарға орай, түрлі пікір қалдырған.

"От екен! Құдай көзден сақтасын!!!", "Құтты болсын, Нұрекем", "Игілікке жүрсін", "Мықты көлік екен", "Жарайсың Олжас", "Аман жүр бауырым", — деп жазды желі қолданушылары.