Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

"Сабина келін де трансвестит" Баян Алагөзова тағы да Нұртас Адамбайға шүйлікті

Продюсер Баян Алагөзова екі қыздың сүйіскенін көрсететін туындыға, яғни "Базз лайтер" мульфильміне шүйліккен Нұртас Адамбайға арнап тағы да ауқымды жазба жариялады, деп жазады Рaryz.kz  Экспресс К.

"Сабина келін де трансвестит" Баян Алагөзова тағы да Нұртас Адамбайға шүйлікті
ашық дерек көздерінен

Баян Мақсатқызы өзінің әлеуметтік желідегі көлемді постында біздің елдегі мұндай тыйым салулардың соңы жақсылыққа апармайтынын меңзепті.

"Онда әлеуметтік желілерге неге тосқауыл қойылмайды? Ол жерде де неше түрлі азғырулар насихатталып жатқанын ашып көріңіз. Ертең Нұртас пен оның жақтастарының ортақ келісімімен біздің, яғни әйелдердің ашық киінуіне, шашты бояуына, маникюр жасауына тыйым салатын шығар. Өйткені діни тұрғыда мұның бәріне тыйым салынған ғой. Сөйтіп жүріп байқамай Ауғанстанға айналамыз немесе Түркіменстанның күйін кешеміз. Сіздер соны қалайсыздар ма? Сондықтан мен құқығымды бұзатын мұндай шектеулерге қарсымын", — деп ашуланды Алагөзова.

Баян Алагөзова тағы да Нұртас Адамбайға шүйлікті / instagram.com/bayanmaxatkyzy

Баян Алагөзова тағы да Нұртас Адамбайға шүйлікті / instagram.com/bayanmaxatkyzy

Баян Мақсатқызы мұндай мульфильмдерді келешекте немерелеріне де еш қымсынбай көрсететінін және оларға әрбір туындының ақ-қарасын ажыратып, түсіндіріп беретінін жасырған жоқ. Сондай-ақ, діни көзқарастағы адамдардың сенімін сыйлайтынын әрі өркениетті елде таңдау болу керектігін де баса айтты. Сөз соңында Нұртас Адамбайға тағы бәр мәрте ескерту жасап, адамдардың құқығын бұзбауды өтінді.

"Нұртас, мен сенің цензураңсыз киноға барғым келеді. Әйтпесе, сенің "Сабина келін" фильміңе тиісемін. Ол да еркек жыныстының әйел кейпіне енген образы ғой. Клубтағы трансвестит сияқты. Оны көріп менің немеремнің психикасы бұзылса ше? Сен дәл осы кейіпкермен қаншама ақша таптың, бірақ саған ешкім тыйым салған жоқ", — деді Баян Мақсатқызы.