Өткен аптада, яғни 12 шілде күні жазасын өтеуші Есентаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы өтінішін Қапшағай қалалық соты қанағаттандырған еді. Соңғы 6 жылын абақтыда өткізген Бақытбек таяуда туған-туыстарының ортасына оралады, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.
Дәл қазір Есентаевтар әулеті көптен күткен қуанышты күнге қызу дайындықты бастап кеткен. Күні кеше Бақытбектің қарындасы ағасының бостандыққа шыққаннан кейінгі тұратын үйін көрсетіп, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан видеосын желіге жүктеді.
Ағатайымның келуіне дайындық. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр,
— деп жазды Нағима Есентаева.